Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде Ұлыбритания азаматын тонап кетті

Өскемен қалалық №2 соты 27 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімін шығарды. Ол көше бойында Назарбаев зияткерлік мектебінде жұмыс істейтін шетелдікке шабуыл жасаған. www.atyrau-business.com_

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Оқиға 2015 жылдың қараша айында, кешкі 23.00 шамасында Комсомольский көшесінде болған. 27 жастағы Нұржан есімді азамат шетелдікке тиісіп, қымбат заттарын тартып алған. Шығын көлемі 37 мың теңге. Зардап шегуші 45 жастағы Ұлыбритания азаматы екен. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін болып шықты.

Қарақшылық жасағаны үшін қала тұрғыны бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау