Өскемендіктердің ыстық сусыз, жылусыз тұрғандарына 15 жыл болған

Дүйсенбі, 30 Қараша , 2015 9:37

Өскенменде қараша айында қақаған суық түсіп, әр үйде бір емес екі пимадан болады. Бірін –  далаға шыққанда, екіншісін –  үйде киеді.

Терезенің жақтаулары ылғалдан көгеріп кетеді, сондықтан жылда ауыстырып тұруға тура келеді. Оның үстіне төбеден су да тамшылап тұр. Содан үйді тоқпен жылытады. Нәтижесінде ай сайын жылытуға 20 мың теңгеден төленеді екен, деп хабарлайды YK-news.kz.

“Негізі бұл үйде “Алтайсвинецстрой” кәсіпорынның қызметкерлері тұрады. Жылу негізінен кәсіпорынның қазандағынан берілетін. Бірақ кәсіп орын 90 жылдары жабалап қалды. Сол кезден бастап жылу да берілмейтін болды”,-дейді тұрғын.

“Үйдің екінші қабаты кішкене жылы. Бірақ онда да жылу да, суда жоқ. Үйдің төбесінін аққан су бірінші қабатқа дейін жетеді. Негізі жөндеу жұмыстарын жасау керек. Бірақ көпшілігі ақша жинағысы келмейді. Ол үшін оларды күштемейсің ғой”, – дейді тұрғын  71 жасар Надежда Кузнецова.

Бір көпқабатты үйде 45 жанұя тұрады. Ваннаға түсу үшін олар шелекпен сансыз суды жылыту керек болады. Қысты күні олар тамақты тоңазытқышқа емес, терезенің алдына қоя салады. Оның өзі тоңазытқыштың жұмысын атқарып тұр. Олардың мұндай жағдаймен тұрып жатқанына 15 жыл болған.

 

 

Тұрғындардың айтуынша, олар санитарлы-қорғау орталығына да хабарлаған. Бастапқыда олар тұрғындарды көшіретін болған, артынан жылыту жұмыстарын жөндейтін болған. Бірақ ешқандай шара қолданылмаған.

Ал жергілікті билік бұндай мәселенің туындауына тұрғындардың өздері кінәлі деп есептейді. ЖШС “Ульбакомплекс” жылытуына көшу үшін құбырларды жөндеу керек екен. Ал тұрғындар оған ақша жинамаған. Үйдің апаттық жағдайда тұрғанын  олар жергілікті ұйымдарға ЖШС “Восток Инжиниринг”  немесе ЖШС “Восток СТД” хабарласу керек.

Ал заңгердің айтуынша, пәтер үйлері өздері жүгіріп, жөндеу жұмыстарын жасатқызбаса өз еркімен ешкім  жасайды. Сондықтан тұрғындар қандай инстанцияларға хат жолдайтындарын әлі шешкен жоқ.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар