Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде трамвай зейнеткер әйелдің аяғын жұлып әкетті

Өскемендегі «Электротовары» аялдамасы ауданында егде әйел трамвайдың астына түсіп қалды.

9898

Бұл туралы “Өскемен Жаңалықтары” хабарлайды.

Куәгерлердің сөзінше, оны “жедел жәрдем” алып кеткен кезде, әйел есін жоғалтпаған.

Ал трамвай паркінің қызметкерлері, әйелдің трамвайдан шыға сала транспорттың алдын орап өтіп кетпекші болғанын айтады. Нәтижесінде қоғамдық көлік оны төрт метрге дейін сүйретіп кеткен. Оқыс оқиғадан соң дәрігерлер зейнеткердің аяғын кесу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болыпты.

Қазір 1942 жылы туған әйел адам бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның аяқтарына ампутация жасауға дайындауда.

Ал оқиға орынында траамвай қозғалысы тоқтатылып, полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте банктен 300 мың теңге алған әйелдің ақшасын тартып алып кетті

Алматы облысында арыққа құлап кеткен екі қыздың бірі көз жұмды

Алматы маңында ер адамды пойыз қағып кетті

Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Талқылау