Өскеменде темір ұсташы әйел мүгедек балаларға арналған дәмхана ашуды армандайды

Шеберханада Светланаға күйеуі Александр көмектеседі. Ұста әйел темірден неше түрлі гүлдерді де жасайды. Светлана Кошелева Шығыс Қазақстандағы жалғыз темір ұсташы әйел. 44 жастағы білікті ұста кез-келген металл өнімін жасай алады.

Сондай-ақ ол бәрін өз қолымен жасайды. Қала тұрғыны үшін ұсталық өнер сүйікті жұмыс  және ақша табудың жалғыз жолы. Даун синдромына шалдыққан қызына қарау үшін Светлана үйде отыруға мәжбүр. Бұл туралы yk-news.kz-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Иә мен қарапайым ұста емеспін. Мен де темір ұсталарын басқаша елестетемін. Олар менің атам секілді сақалы ұзын, түрі қатал болады деп ойлаймын. Бірақ, осы ұсталық өнерді сол өз атамнан үйрендім»,-деп күледі Светлана.

Ол кішкентайынан атасының жанынан шықпай, ұста болудың қыр-сырын сол кісіден үйренген.

«Мен қызыл-сары шашты болдым. Атам мені «менің күнім», «менің қызылбасым» деп атайтын», – дейді ұста.

Светлана күйеуі екеуі күн көру үшін көп қиындықты басынан кешкен. Қазір ол үйінде жұмыс істеуге мәжбүр. Себебі, үйде даун синдромына шалдыққан 19 жасар Алина есімді қызына қарап, күту керек.

«Біз Көкпекті ауданында тұрғанда, Ресейден туысым келді. Ол да темір ұстасы. Екеуміз осы өнер туралы сөз қозғағанда, мен де өз шеберханамды ашып, ұсталықпен айналысқым келетінін айттым. Көкем менің ниетімді бірден құптады. Ол маған қолымнан бәрін келетінін айтып, жігер берді. Қолыңа балғаны алғанда-ақ бұрын атаңнан үйренген өнерді есіңе түсіріп аласың деді. Сонымен күйеуміз екеміз осы ұсталықпен айналысамыз деп шештік. Бірінші рет мұраға қалған балғамен алғашы мүйізімізді жасадық»,-дейді Светлана.

Ұсталықпен айналысатын отбасы Өскеменге жақында көшіп келген. Қаланың ауасы таза болмағандықтан қызының денсаулығы үшін ауылда тұруларына тура келген.

«Қызымның ішкі ағзасында айтулы қиындықтар бар. Шашы да өспейді.Алинаның гемоглобині төмен болды. Дәрігерлер қызымды ақ қанмен ауырады деп күдіктенді. Күн сайын түнде тұрып қызымыз дем алып жатыр ма, жоқ па соны тексереміз»,-дейді Алинаның анасы.

Олар қала орталығына отбасындағы қиындықтар салтарынан көшіп келген. Светлана Көкпектіні қимай, әрең кетті. Бірақ ол жақта армандарын жүзеге асыра алмады.

«2016 жылы Қазақстан психоаналитикалық ассоциациясының қолдауымен аудан орталығынан “Training cafe” аштық. Бұл – мүгедек балалармен бірлесіп жұмыс істейтін аналар мекемесі», – деп түсіндірді Светлана Кошелева.

Сондай-ақ Светлана осындай мекемелер ауруға шалдыққан балаларға қолайлы жер дейді. Келушілер аз болғандықтан олар дәмханаларын жабуға болған. Ендігі арманы Өскемен қаласынан мүгедек балаларға арналған дәмхана мен өз шеберханасын ашу. Алайда, айтарлықтай қаражаттың жетіспеушілі Светлананың арманына кедергі болып тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсету үшін 32 миллион теңге бөлінді

Биыл елімізде қандай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды

ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

60-тан астам құрбан: Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар