Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде танымал той жүргізушісі Алмас Есімханов жоғалып кетті

Екі күн бұрын 21 жастағы жігіт өз үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған. Қазір оның достары жігітті өз беттерінше іздеуге кірісіп кетті.

орпа

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“19 сәуір күні Көкжал Барақ көшесіндегі пәтерінен шығып кеткен. Одан кейін оны ешкім көрмеді. Соның алдында ол бірдеңе уайымдап тұрған секілді, өзін біртүрлі ұстаған. Мен достарының бәріне хабарласып шықты, бірақ, ешқайсысы білмейтін болып шықты. Енді достарымызбен бірге оны іздеп жатырмыз. Полицияға хабар бермедік, өзіміз табамыз деп ойлаймын”, – дейді досы Еламан Сыйғыбатов.

Әзірге іздеу жұмыстарына оның туыстары қосылмаған. Себебі олар қаладан алыста тұрады екен.

“Егер кімде-кім Алмастың орналасқан жерін білсе, 8 705 318 42 68 телефонына хабарласуларын сұраймыз”, – дейді Еламан.

Талқылау