Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде тағдыр тәлкегіне ұшыраған әйелге пәтер берілді

Өскемен тұрғыны Зәмзәгүл Құсайыноваға облыс орталығының әкімдігі пәтер берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170725135137

Даун синдромына шалдыққан ұлы із-түссіз жоғалып кеткен жарымжан Зәмзәгүл Құсайынованың ауыр тағдырынан Өскемен тұрғындарының көбі хабардар. Көзі көрмейтін Зәмзәгүл ескі үйде студент қызы және мүгедек ұлымен бірге тұрып келді. Бір жыл бұрын ұлы із-түссіз жоғалып, оның тағдырынан бейхабар күйде. Зәмзәгүл инсульт алып, жүрегіне ота да жасалды. Жақын күндері қала әкімі Қуат Тұмабаевқа жағдайын айтып көмек сұраған еді.

«Бірнеше сағат бұрын Зәмзәгүл Құсайынова әкімдік есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтерге көшірілді. Енді ол тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттен бөлінетін пәтерін алғанша қызымен осы пәтерде тұрады. Пәтердің терезелері сырланып, жаңа линолеум төселіп, тұсқағаздар жабыстырылды. Үй жиһаздары мен тұрмыстық техникалар сатылып алынды», – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жайлы үйге көшірілген Зәмзәгүл апай қуаныштан жылап жіберді. Ендігі арманы ұлын тауып, жаңа пәтерге алып келсем дейді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда жоғалған спортшы қызбен бірге болған жігіт құздан құлап көз жұмды

Алматы облысында ірі есірткі плантациясы табылды

Египетте жоғалған студенттің әкесі оларды “әскери адамдардың алып кеткенін” хабарлады

Талқылау