Өскеменде табылған сөмкеде оқу минасы болған

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 11:45

Мамандар қала орталығынан табылған күдікті сөмкені тексеріп шықты. Нәтижесінде олар қалташада оқу минасының бөліктері бар деген қорытындыға келген.

ерер

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, кеше сағат 7.30-да полицияға Промышленный көшесіндегі әскери-техникалық мектепке жақын маңда белгісіз сөмкенің жатқаны туралы хабар келіп түседі. Белгісіз затты анықтаумен саперлар бірнеше сағат жұмыс істеді. Полиция сол аумақты қоршауға алып, көлік қозғалысын да тоқтатып тастаған. Кешкілік тәртіп сақшылары аталмыш сөмкеде оқу минасы бөлшектерінің бар екендігін хабарлады.

“Қорғаныс министрлігінің мамандары металл заттар табылғанын мәлімдеді. Ол сөмкеде оқуға арналған мина бөліктері болған екен. Ол еш қауіп төндірмейді. Өзге күдікті айғақтар туралы ақпарат түспеді”, – деді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Енді полицейлер оқу минасы салынған қалташаның қаланың қақ ортасына қайдан тап болғанын анықтап жатыр. Бұл өз кезегінде таяу маңда әскери-техникалық оқу орнының да орналасуына байланысты болуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар