Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде түскі асқа келген шенеуніктер үшін полицейлер жол қозғалысын тоқтатып тастады

Өткен жексенбіде «Panorama» ресторанының алдына жайғасқан қымбат көлік иелері ірі көлік кептелісін жасаған. Негізінде, қымбат көлік мінген шенеуніктер үшін тәртіп сақшылары жол бойындағы көлік қозғалысын тоқтатып тастаған.

1ujfBATODeVU

Суреттер әлеуметтік желіден алынды.

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Бірер күн өткеннен соң қала тұрғындары көпқабатты үйлердің жоғарғы қабатынан түсірілген суреттерді жариялай бастады. Суретте онға жуық қымбат көліктердің мейрамхана жанында көліктерін ыңғайластырып қоюға кезекте тұрғанын байқауға болады. Сондай-ақ, кадрда жол қозғалысын реттейтін полицейдің “Ланд Крузер” мен “Лексус” маркалы көліктердің дұрыс тұраққа орналасуы үшін өзге көліктерді түгелдей тоқтатып тастағаны да анық байқалады. Осы әрекет кесірінен басқа бағыттарда да көлік тығыны орын алған.

“Біріншіден, полицейлер мейрамхана маңындағы көліктердің бәрін қуып жіберді, екіншіден “Ланд Крузер” дұрыстап орналасқанша негізгі жолдың бойын тоқтатып қойды. Мейрамхана алдына оншақты қымбат көліктер келіп тұрақтады. Олар нағыз көрер көзге жол ережесін бұзып тұр. Осының барлығы 15 минут уақытқа созылды. Осы жасанды көлік тығынында жолаушылар автобусы да, өзге көліктер де шарасыз күтті”, – дейді куәгерлердің бірі.

12NpRkrpzkCro

Сурет желіде пайда болғаннан кейін, түскі ас ішу үшін келген шенеуніктер үшін бүкіл жол қозғалысын тоқтатқан тәртіп сақшыларының әрекеті ашу тудырған. Кейінірек, мейрамхана алдына келген көлік ішінде конституциялық заң шығару мәселесіне қатысты жиынға қатысатын сенаторлар екені белгілі болған. Қонақтардың ішінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов та болған.

“Іс-шараға сенаторлар, республикалық бақылау органдарының өкілдері де қатысты. Қонақтар келген кезде, олардың қауіпсіздігіне жауапты болған полицейлер жол қозғалысын реттеуге мәжбүр болды. Ол жерде көлік кептелісі болған күнде де ұзаққа созылған жоқ”, – делінген ШҚО ІІД баспасөз хабарламасында.

“Ол жердегі жол өте тар болды. Ал қонақтар көп. Сондықтан барлық көлік тұраққа қойылып, өзгелерге де кедергі келмес үшін біздің қызметкерлер осындай әрекетке барды”, – деп атап өткен ІІД өкілдері.

Талқылау