Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде сыныптасын пышақтап өлтірді деп күдіктелген 13 жастағы қыз сотталмайтын болды

Өскеменде сыныптас баласын пышақтап өлтірді деп күдіктелген қыз 14 жасқа толмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылды. Енді қызды арнайы мекемеге табыстайды. Ал, ата-анасы айыппұл төлеугі міндеттелмек.

i8q_fjl_b10_1

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айының соңында Прапорщик ауылының тумасы 14 жастағы Медет Маратов сабақтан соң үйіне оралмаған еді. Екі күннен соң оның өлі денесі қараусыз қалған қазандық ішінен табылған. Мәйіттен пышақ іздері табылды. Полицейлер тергеу жүргізіп, оның 13 жастағы сыныптас қызын күдікке алды. Қыз өз кінәсін мойындаған еді.

Глубокий ауданы прокуратурасы мәлімдегендей, қыз 14 жасқа толмағандықтан қылмыстық іс тоқтатылған. Заң бойынша жауапқа тарту 14 жастан басталады.

«Қыздың ісін ол кәмілеттік жасқа толғанша оқитын арнайы мектепке жіберін анықтау туралы ісі сотқа жіберілді. Бала тәрбиесіндегі міндеттерін атқармағаны үшін ата-анасына айыппұл салынады. Айыппұл көлемін де сот шешеді», – дейді аудан прокуроры Василий Александров.

ШҚО-да арнайы мектепер жоқ болғандықтан, сот қызды ауыстыру туралы ышешім шығарса, оның көшуіне тура келуі мүмкін. Мұндай интернат Қарағанды облысында бар.

Жіберіп алмаңыз:

Испан жігіті Умра қажылығын өтеу үшін 9 мың шақырымнан жаяу келген

Шариғат бойынша қызбен жүру күнә ма

Әлемдегі ең бақытты адам күйзелістен құтылудың жолымен бөлісті

Христиандық-баптистік дін ұстанған әйелдің денесін мұсылман зиратынан қазып алып тастады

Талқылау