Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде СУ-24 ұшағының пилотын еске алуға арналған жиынға тыйым салынды

Өскемендегі №29 мектепте Түркия мен Сирия шекарасында апат болған СУ-24 ұшағының пилоты оқыған. Бүгін оны еске алу жиыны болуы керек болған. Алайда,белгісіз себептермен мектеп әкімідіге жиналғандарды мектеп ауласынан шығарып тастаған.

пешков2222
Бұл туралы STAN.KZ yk-news.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
СУ-24 ұшағының ұшқышын қайғылы оқиғаға түсініктеме берілген кезде әуеде Сириялық әскерилер атып қаза қылған делігнен. Осыдан кейін Олег Пешковтың Өскемен қаласының тумасы екені анықталған. Ол қаладағы №29 мектепті бітірген.

Сол мектептің оқу ісі бойынша директордың орынбасары Елена Лукина бір күн бұрын Пешковты еске алуға арналған жиын өтетінін хабарлаған. Өмірден өткен азаматтың жолдастары, сыныптастары, білетін кісілер жиналған сәтте мектеп әкімшілігі шараның болмайтынын хабарлаған.

пешков
Азаматтер себебін сұрағанда «антитеррористік қауіпсіздік шараларына байланысты мектеп пен ауласында сабақ кезінде бөгде адамдардың жүруіне болмайды»,-деп түсіндірген.

Мектеп директорының орынбасары осы сөзден кейін халықтың бір де бір сұрағына жауап бермеген.
Ал ІІД қызметкерлері мектеп басшылары халықтың бейбіт,наразылық жиындарына қатысты мәселені шеше алмайды. Бұл қалалық әкімдіктің құзырындағы іс деп жауап берген.
Мектеп қызметкерлерінің бірі жиынды доғаруға қалалық әкімдік тапсырма берген. Қандай жиын болмасын әкімдіктің рұқсатымен өткізілуі керек екен.
Ішкі саясат бөліміндегілер журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартқан.

пешков111

Жиналғандар шараны интерноционалист-жауынгерлер ескерткіші жанына өткізуді ұйғарды. Онда ұшқыштың суреті мен гүл шоқтары қойылды. Пешковты сыныптасы жақсы азамат еді деп еске алды.
«мен соңғы бес жылдан бері одан сұрайтынмын «Қашанғы ұшабересің? Зейнетке шықпайсың ба?»»,-дейді Пешковтың сыныптасы Наталья Лукина.
Пешков «Тірімін, ұшаберемін»,-деп жауап береді екен.

Сыныптастарының сөзінше Олег бала күнінен ұшқыш болуды армандапты.

«Ол алдына мектепті беске бітіріп Суворовск училищесіне түсемін деген мақсат қойды. Ол бар өмірін жоспарлап қойған еді. Біз сабақтан қашып кететінбіз. Ол оқып отыратын. Ол бәріне өзі қол жеткізіп өсті. Өгей әкесі тәрбиеледі. Мамасы қатты аурды. Мектеп кезінде қайтыс болып кетті. Кейіннен сыныптастар әр тарапқа кетіп қалдық. Мен Олегпен желі арқылы сөйлесетінмін. Жаңалықтарды қоссам осыны айтып жатыр екен. Сыныптастар бір-бірімізге шұғыл түрде осы ақпаратты жеткіздік»,-дейді Пешковтың сыныптас досы.

Талқылау