Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде студент телефонын сатып жіберіп, сосын оны ұрланды деп хабарлаған

Өскемен қаласының 19 жастағы тұрғыны өзінің ұялы телефонын сатып жібереді. Алайда, бұл туралы әпкесіне айтуға қорқып, телефонды ұрлап кетті деген сылтау ойлап тапқан. Студенттің туысқаны сол сәтте жедел полицияға хабар берген.krazha-telefona

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Ал полицияға келген жас жігіт, 15 мың теңге тұратын телефонды көп Потанин көшесіндегі қабатты үйдің ауласында 3-4 жігіттің тартып алып қойғанын айтады.

«Ұрлықтан соң бірнеше сағат өткен соң тәртіп сақшылары ұрыларды табуға тырысады. Алайда зардап шегуші сипаттағандай ешкім келмеген әрі табылмаған. Мұқият сұрау барысында студент оқиғаны тіптен шатастыра бастаған. Ақырында, оның ұрланды деген ақпарды ойдан шығарған белгілі болды», – делінген ШҚО ІІД баспасөз хабарламасында.

Полицияның айтуынша, ол өз ұялы телефонын базарға апарып 7 мың теңгеге саудалаған. Ал себебін тез арада ақша керек болып тұр деп түсіндірген.

«Әпкесіне сатып жібердім деп айтуға қорыққан студент, ақырынды ұрлық туралы оқиғаны ойлап шығарған. Біле тұра өтірік айтқаны үшін енді 19 жастағы Өскемен тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің арнайы бабына сәйкес жауап беретін болады. Ол 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау