Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ШҚО-дағы ең қауіпті жануарлар мен жәндіктер, өсімдіктердің көрмесі ашылды

Көрмеге өңірде өсетін және өмір сүретін ең улы жануарлар мен жәндіктер, өсімдіктер қойылған. Олардың арасында суда өмір сүретіндер мен құрғақта тіршілік ететіндер, қос мекенділер де бар.

20160105-vistavka_3
Бұл туралы YK-news.kz сайты хабарлайды.

20160105-vistavka_1
Көрмедегі қойылған заттардан ШҚО-ды басқа қырынан тануға болады. Себебі өңіртанушылар мұнда әлемде сирек кездесетін улы өсімдіктер мен жануарлардың көп екенін айтады.
Мысалы, аюоты(аконит) деп аталатын өсімдік өте улы. Оған денеңіздің бір бөлігі тиіп кетсе, адам өліп кетуі де мүмкін екен.

20160105-vistavka_4
Көрмеде өте улы қоңыздар мен өрмекшілердің кептірілген денесі қойылған. Бұндай әдемі сондай-ақ өте қауіпті жәндікті әр өскемендік өз саяжайында да кездестіруі мүмкін. Бірақ, қаншалықты қауіпті екенін білмеуі мүмкін.

20160105-vistavka_6
Қара өрмекшінің жоғарғы бетінде қызыл нүктелері бар. Бір қарағанда көздің жауын алады. Ол адамды шақпайды. Тек денеге тисе улы сұйықтық бөледі. Соның өзі адам өмірін алуға әсер ете алады.

20160105-vistavka_7

Көрмеден қауіпті өрмекшінің сан түрімен танысуға болады. Олардың арасында Қызыл кітапқа енгендері де бар. Оларға арнайы бір орын бөлінген.

20160105-vistavka_2

 

Талқылау