Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде сенбілікке 6000-ға жуық адам мен 100 техника жұмылдырылды

Бүгін Өскемен қаласының тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелерін тазалап, көгалдандыруға белсенді кірісіп кетті. Көпшіліктен қалыспаған қала әкімі Темірбек Қасымжанов та 19-шағын ауданда өтіп жатқан сенбілікке қатысып, көшеттер отырғызды.

епкаув

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Сәуірден бастап қала бойынша 2 айлық сенбілік мерзімі басталды. Шаһар аумағындағы 12 жергілікті өзін-өзі басқару кооперативі, 27 ірі өндіріс орны, 14 бөлім, оқу орны және басқармадан жұмылдырылған 6000-ға жуық адам мен 100 техника қаланы көркейтумен айналысады.

Бүгінгі күннің өзінде өскемендіктер саябақтар мен көшелерді тазалап, 500-ден астам көшет отырғызды.

Қала басшысы Темірбек Қасымжанов 19-шағын ауданда №46 мектеп маңында өткен сенбілікке қатысты. Аталған аумақ тазартылғаннан кейін 100-ге жуық көшет отырғызылды. Сонымен қатар, қаладағы ұзын көшелердің бірі К.Маркс көшесінің бойына көшеттер отырғызылды.

«Қазір өскемендіктер сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды тазартып жатыр. Айта кету керек, қала тұрғындары жалпыға ортақ жұмысқа келгенде өте белсенді. Жалпы, 2 айға созылатын сенбілік науқанында 6000 ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз», – дейді қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.

Айта кетсек, қала әкімінің тапсырмасымен қоқыс орындарын анықтайтын және тазартатын жұмыс тобы құрылып, өз жұмысына кірісіп кетті.

Талқылау