Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде сатушы тоқаштарды лақтырып қаруланып келген ұрыны қуған

Азық-түлік дүкенінің 60 жастағы сатушысы батылдық танытып, тонауға келген ұрыға тоқаштарды лақтырып қорқытқан. Кейіннен пышақ алып ұрының өзіне қарсы келіпті.

20161031olga_0

Фото: Роман Кудинов

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Ольга Попова 24 наурызда болған оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сатушы шарфпен бетін жасырған жігіттің қолынан пышақ барын байқап қалады.

«Ол камерада өтіп маған жақындап келе жатты. Мен қолыма түскен тоқаштарды алып оған лақтыра бастадым. Сосын ас үй пышағын ала сала оған «Кет» деп айқайлап тұра ұмтылдым. Мені бәрі батыл деп ойлайды. Бірақ мен батылдық танытқан жоқпын, мен өз өмірім үшін күрестім», – дейді сатушы.

Сатушының қарсылығынан үркіп қалған жігіт оған тек «тыныш, тыныш» дей беріп кері шегінген.

Полицейлер екі күн өткен соң 27 жастағы күдіктіні ұстады.

Сот мәліметінше, жігіт достарымен ішімдік ішкен , сол кезде оның әйелі ауруханаға түскені жайлы хабар келеді. Жігіт әйелінің жеке куәлігін емханаға апару тиіс болады. Ол ақшасы жоқ болғандықтан орталыққа жаяу барады. Сосын оңай жолмен ақша табу мақсатында дүкенді тонамақ болған.

Жас жігіт 3 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда банк маңында белгісіз біреу ер адамды қарумен қорқытып сөмкесін тонамақ болған

Семейде жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Тимати: Менің мейрамханам көп ұзамай халал болады

Оралда бойжеткендер жеңгетайлардың күштеуімен 6 жыл жезөкшелікпен айналысқан

Талқылау