Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полициядан қашып, төртінші қабатқа өрмелеп кеткен өскемендік нашақор болып шықты

Өскеменде полицейлерден қашып көпқабатты үйдің бастырмасына жасырынған қала тұрғынының есірткі қабылдағаны анықталды.

қне

Суретті куәгерлер түсірген

22 сәуір күні Тәуелсіздік даңғылының бойындағы үйдің балконынан куәгерлер ер адамды байқаған. Ол биіктен төмен қарай түспекші болған. Ол төртінші қабаттағы балконның қоршауы арқылы полиция қызметкерлерінен жасырынбақшы болыпты. Тәртіп сақшылары оның сау күйде емес екенін байқап, көршілерін шақыра бастаған.

Шын мәнінде де күдік расқа айналған.

“Сараптамадан соң ер адамның шынында да есірткі қабылдаған мас күйде екенін анықталды. Ол қазір мәжбүрлі емдеу шарасын қабылдап жатыр”, – деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау