Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік жігіт полицейлерге телефоным ұрланды деп жалған айтқан

Оқиға наурыз айының соңында болған. Өскемендік 26 жастағы жігіті кафеде ұзақ уақыт ішімдік ішкен. Таңертең ұялы телефоны мен 80 мың теңгесінің жоқ екенін білген.

que-hacer-en-caso-de-robo-en-barcelona-2 (1)

Сурет: www.barcelonacheckin.com 

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Кейіннен облыс орталығындағы полицейлерге ұялы телефоны мен ақшасы ұрланғанын айтып шағымданған. Ол полицейлерге телефоны мен ақшасының ғимараттың дәретханасында жоғалтуы мүмкін екенін айтқан. Алайда, тексерістен кейін оны ешкімнің тонамағаны, жігіттің жалған айтқаны белгілі болды.

Тергеу жұмыстарынан соң жігітттің телефоныны оған білдіртпей ұрлап алынғаны анықталды. Ұрлауға қатысты күдікті ұсталып, телефон иесіне қайтарылды.

«Полицейлер ақшаның жоғалуына байланысты да тергеу жүргізді. Бірақ, жігіт ақшаны жоғалтып алған немесе өзі жұмсап жіберіп, жалған айтуы мүмкін», – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Шағымданған жігітке қатысты жалған айтқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Даниил Романов

Талқылау