Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде полицейлер көпірден секіріп өлмек болған әйелді құтқарып қалды (видео)

Өскеменде полиция қызметкерлері көпірден секіріп өлмек болған әйелдің суицид жасауына жол бермей, құтқарып қалды, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

14 шілдеде әйелдің Үлбі өзеніндені көпірден секіруге оқталып жатқанын  сол маңнан өтіп бара жатқандардың бірі хабарлаған. Оқиға орнына полицейлер келіп, әйелдің көпірден секіргелі жатқанын көрген.

Тәртіп сақшылары Рустам Ағыбаев пен Жасұлан Бекболатұлы саспастан әйелді әңгімеге тартып, назарын аударған. Осылайша оған жақын келіп, қолынан ұстап алып, көпірдің таянышының ар жағынан шығарып алыпты.

Қазіргі уақытта полиция суицидке оқталу фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Олар әйелді мұндай әрекетке не итермелегенін анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау