Өскеменде полицейлер 3-қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарды

Рашид Солтанғазин мен Бауыржан Ризабеков есімді өскемендік полицейлер баланы құтқарып қалды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Екі полицей аулада жиналып тұрған тұрғындарды көреді. Олар үшінші қабаттың терезе жақтауында тұрған балаға қарап тұрған. Баланың ата-анасы үйінде жоқ болғандықтан полицейлер пәтерге көршісінің үйі арқылы кіріп, баланы кері кіргізді.

Ата-анасы 5 жастағы баласын жалғыз өзін үйге қалдырып, сыртынан жауып кеткен. Енді олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар