Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде пәтерлердің бірінен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Өскеменде 15 жастағы қызды өлтіріп кеткен. ШҚО ІІД мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте кешкі уақытта болған.

Өскеменде пәтерлердің бірінен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

Бұл туралы Bnews.kz агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«17 қыркүйекте сағат 21:00-де «102» нөміріне жергілікті тұрғыннан Есенберлин көшесіндегі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден қинап өлтіру белгілері бар қыздың мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті. Мән-жайын анықтау барысында жәбірленуші Өскемен қаласының 2003 жылғы тұрғыны екені анықталды», – дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Айгерім Нұрғазина.

Оның сөзінше, күдіктінің тұлғасы анықталған.

«Полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта күдікті тұтқындалды. Аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау