Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өздерін полицейміз деп таныстырған ер адамдар бөтен үйдің шырқын бұзған

Зырян ауданында жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, арақ ішіп шу шығарған адамдарға қатысты сот үкімі шықты. Олар өзін полицеймін деп таныстырып, дөрекелік көрсеткен.

ria11

Фото: finmarket.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Тек үй иесі оларды камераға түсіре бастаған соң ғана, қаймығып жасырынған.

Іс материалындағы деректерге сүйенсек, алкогольді мас күйдегі төрт ер адам танысының үйіне қонаққа барады. Үй иесі үйде болмай шығады. Ал үйдегі оның жиені бейтаныс адамдарға есік ашпай қояды. Олар содан соң өздерін полицеймін деп таныстырғанымен де, әлгі жігіт бұған да илана қоймайды. Осы кезде біреуі қоршаудан асып түсіп, есікті іштен ашып алады. Үйге кірген соң, емін-еркін аралап, арақ ішудің қамын жасай бастаған. Төртеудің біреуі араларынан кетіп қалады.

Ал үйге үй иесінің анасы келіп, араққа тойған үшеуін көріп, жағдайды түсіндірулерін сұрайды. Ішіндегі біреуі өзінің полицей екенін айтады. Олар қоқан-лоққы көрсетсе де, әйел еш қорықпастан қонақтарды ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Тек осы әрекеттен соң ғана бұзақылар аптықтарын басқан.

Айыптылар орындығына өздерін полицейміз деген екі адам отырды. Олардың әрқайсы бір жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау