Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар баланы алып шыққан ер адамның кім екені белгілі болды

Өскеменде өртеніп жатқан пәтердің терезесінен кіріп, 5 жасар баланы алып шыққан ер адамның кім екені белгілі болды. Ол Өскемендегі «Казцинк» металлургиялық кешенінің мыс зауытында краншы болып жұмыс істейтін 35 жастағы Александр Попов болып шықты, деп хабарлайды Өскемен бойынша ТЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Өскеменде өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар баланы алып шыққан ер адамның кім екені белгілі болды

Оқиға орын алған күні ер адам түнгі ауысымдағы жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан.

Өскемен бойынша ТЖБ мәліметінше, үйде жалғыз қалған бала сіріңкемен ойнап, салдарынан пәтерде өрт шыққан.

ҚазАқпарат хабарлағандай, осы кезде жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан Александр жолай поштаға кіре кетпек болыпты.

«Мен бірінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқанын көрдім. Кішкентай бала терезеден қарап, көмекке шақырды. Оның даусын естіген адамдар сол маңға жинала бастады. Мен қалай әрекет ету керектігін ойлап бас қатырған жоқпын. Бірден қалай алып шығатыным туралы жоспар пайда болды. Поштаға кіріп, саты сұрадым. Себебі бірінші қабаттағы пәтердің терезесінен кірудің өзі оңайға соқпады. Осылайша балконға шығып, ұлды алып шықтым. Мұнан кейін пәтерді бір қарап, басқа ешкім жоқ екенін түсіндім. Терезелерді ашып, жанып жатқан заттарды лақтырдым», – дейді Александр.

Мұнан кейін Александр балада бәрі дұрыс екеніне көз жеткізіп, дәрігерлерге тапсырған. Артынша үйіне қайтыпты.

Десе де ер адам өзінің ерлігі жөнінде ешкімге тіс жармаған. Сондықтан құтқарушыларға кішкентай баланы өрттен алып шыққан ер адамды табу оңайға соқпады. Олар Александрге ерлігі үшін алғыс білдіргісі келген.

Александр Попов бір қызын тәрбиелеп отыр. Оқиғадан бір күн бұрын қызы 6 жасқа толған екен.

«Өзім құтқарған баламен одан кейін кездескен жоқпын. Оның жағдайы жақсы деп ойлаймын. Мен де әкемін. Менің орнымда болған кез-келген ер адам осылай жасар еді деген ойдамын», – дейді Александр Попов.

Оқи отырыңыз:

Алдағы демалыс күндері елімізде күн 35 градусқа дейін ысиды

Бір ұрып құлатамын: Отандық шоулардың бірінде келін атанғысы келіп жүрген қыздар төбелесіп, шаш жұлысты (видео)

Қарағанды облысында ақшадан қысылған құтқарушы өз туысын тонап кеткен

ОҚО-да биіктігі 200 метр болатын алып мұнара құлағалы тұр

Талқылау