Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде өрт инспекторы өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды

Өскеменде өрт инспекторы Айдар Заманбеков өзіне қол жұмсамақ болған әйелді құтқарып қалды. Ол ашық тұрған гаражды ұры-қары ашып кетті ме деп тексеріп көрмек болған.

29c1713794a8506c561f0e26857443ee

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Алайда ол жерден өзіне қол жұмсамақ болған әйелді көріп қалған.

SAN FRANCISCO - JANUARY 2:  Exhaust billows out of a car tailpipe January 2, 2008 in San Francisco, California.  California sued the EPA after the federal agency stepped in to block a new state emissions law. Fifteen other states joined in the lawsuit with California.  (Photo by David Paul Morris/Getty Images)

«Гаражда Land Cruiser Prado автокөлігі тұрды. Оның газ шығаратын құбырының астында бір әйел жатыр екен. Мен оның жүрек соғысын тексеріп көріп едім, әлі тірі екен», – деп еске алады инспектор.

Ол әйелді көшеге алып шығып, жасанды дем берген. Кейіннен жедел-жәрдем мен полиция шақыртыпты. Полицейлер көліктен әйелдің жазған хатын тауып алған. Ол хатта әйел ешкімді кінәламауын сұраған екен. Әйел қазір қалалық ауруханада жатыр.

Татьяна Рязапова

Талқылау