Өскеменде оқушылар білім алу үшін саз кешуге мәжбүр

Жұма, 18 Наурыз , 2016 22:03

Су жаңа білім ошағының сыртқы келбеті әсем безендірілгенімен,  төңірегінің топалаңы шығуда. Сол себепті шәкірттер қос-қостан бәтіңке алып жүруге мәжбүр. Аяқ киімдердің былғанғаны өз алдына, тіпті аяқ басып жүрудің өзі мұң. Бұған наразы болған ата-ана биліктің әрекетіне қайран қалып отыр, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

йййй

Білім ошағының неліктен айналасы реттелмей жатып, қаңтардың қара суығында пайдалануға берілгені көпке жұмбақ. Қазір еріген қар суы ми батбақ болып, езілген лай белуардан келеді. Тіпті көлшіктер де пайда болып, ол тіпті қауіп төндіруде.

“Жолда үлкен ор бар, су ағып жатыр. Үстіне жіңішке тақтай тастапты, ол батпақ. Соған балалар құлап шетінеп кетсе оған жауапты кім береді? Жолға үнемдеген ақшаға біз бала сатып аламыз ба, соны неге ойламайды”, – Өскемен қаласының тұрғыны Қабден Әміров.

Мұнда жаңа ықшамауданы тұрғызылуы тиіс. Әзірге бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен білім ошағы ғана пайдалануға берілген. Ал құрылыс жұмыстары аяқталғанша «баяғы жартас, жол жартас» болатын түрі бар. Өйткені тротуар мен көлік қатынайтын жолдар бүгін-ертең салынбайды.

“Мектептің батыс және солтүстік жағынан жолдар салуға сметалық құжаттар әзірленіп жатыр, сол себепті осы жылдың шілде айында біз жұмысты аяқтаймыз деп ойлап отырмыз, – ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қанат Мұқан.

Енді көктемгі жауын жағдайды одан әрі қиындататын түрі бар. Қазірдің өзінде терең шұңқырларға жиналған су көлшікке айналды. Ал, оқушылардың әзірге бұл қиындыққа көнбестен басқа амалы жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар