Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мұғалім өзінің туған күніне планшет әкелуді талап еткен

Шығыс Қазақстанда мектеп мұғалімі өзінің туған күніне планшет сатып әкелуді сұраған.

planshet-2016

Бұл туралы ustinka.kz хабарлайды.

Бұл ақпаратты ШҚО мемлекеттік қызмет істері департаменті де растап отыр. Мекеме басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мектептер мен балабақшалардағы жемқорлықпен күреске арналған жиналыс барысында бұл деректі жария еткен.

“Әр ата-ананың өмір сүру деңгейі әртүрлі. Мұндай сыйлық жасауға біреу оңай келіссе, бұл біреулердің наразылығын тудыруы мүмкін”, – деді шенеунік.

Аталмыш департамент мектеп директорларын осындай мәселеге назар аударып, оқу орындарындағы сыйлық мәселесіне қатаң қарауды тапсырды. Ал шу тудырған ұстазға қандай жаза қолданылғаны белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Ерболат Беделхан: Ninety One тобын шетелдіктер қаржыландырып отырған жоқ

Ақтөбедегі лаңкестердің жоспарды қалай құрғаны белгілі болды

Қазақстандық корпоративтік кештердің бірінде ер адамдар ішкиімдерін шешіп би биледі (видео)

Талқылау