Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мекеме күзетшісі абайсызда әріптесін атып қойды

Өскеменде мекеме күзетшісі абайсызда әріптесін атып тастады.

0cc57b

19 жастағы О. есімді азамат екі әріптесімен жұмыс орнында отырады. Әріптесі қызметтік қаруды тапсыру журналын толтырмақ болып екіншісінен сейфтен қаруды алып беруін сұрайды. Алайда абайсызда қару атылып, күзетшінің жамбасына оқ тиген, деп жазады YK-news.kz.

Сотта қарудың өздігінен атылғаны айтылды. Сараптама нәтижесінде қарудың өздігінен атылмайтыны, тек шүріппесін басқанда оқ атылатыны анықталды. Айыпталушы қаруды қолға алғанда абайсызда шүріппені басып қалған.

Абайсызда біреудің денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталушы бір жылға  бас бостандығынан айырылды. Ол зардап шегушіге 700 мың теңге, мемлекетке 240 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Михаил Потапов

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда жүйкесі бұзылған адамдарға жүргізуші куәлігін беріп келген

Астанада заңсыз миссионерлікпен айналысып келген шетелдік азамат ұсталды

Қостанайда ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуындырған таксист пен жолаушы қыз татуласты

Талқылау