Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қызметтік көлігімен апатқа ұшыраған полицейлердің видеосы пайда болды

Өскеменде қызметтік көлік мінген полицейлер қала тұрғындарының тынышын бұзды. Кезекті шақыртуға асыққан тәртіп сақшылары жылдамдықты тым асырып жіберіп, бұрылыстағы демалыс орындарының бірінің темір қоршауына соғылған. Бұл туралы КТК хабарлады.

Өскеменде қызметтік көлігімен апатқа ұшыраған полицейлердің видеосы пайда болды

Бүгін болған бұл оқиғаны куәгерлер түсіріп алып, әлеуметтік желіге салыпты. Бейнекадрлардан іргетасы қирап, быт-шыты шыққан қоршау мен майысқан қызметтік көлікті көруге болады. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Өйткені оқиға ертеңгілік болғандықтан, гүлзарда жан баласы болмаған. Көлікте болған қос полицей де дін аман. Олардың сол мезетте спирттік ішімдік ішкен-ішпегендері әзірге белгісіз. Ал көлікті  тізгіндеген полицей бүлінген темір шарбақтың шығынын өтеуге міндеттеліпті.

Тағы оқыңыз: 

Құрылыс алаңына баласын тастап кеткен оралдық келіншек сәбиін қайтарып алатын болды 

Қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін басы дауға қалған Qazkom ресми түрде кешірім сұрады (видео)

Астанада медициналық университетіндегі жанжалға кінәлілер жұмыстан қуылды

ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер

 

Талқылау