Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде Қытайдан келген оралман жігіт жоғалып кетті

Өскеменде Қазақстан-Америка еркін университетінің 4 курс студенті Ақжол Серік белгісіз жағдайда жоғалып кетті. Ата-анасы жоғалатын күні жас жігітте үлкен көлемде ақша болғанын айтады.

14

Сурет әлеуметтік желіден

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Ақжолдың анасы Гүлнұр Зәбірқызының айтуынша, олардың отбасы бірнеше жыл бұрын Қытайдан көшіп келіпті. Қазір жігіт университетте филология факультетінде оқып жатыр екен. Әрі фармацевтикалық компанияда жұмыс та істеп жүрген.

13 сәуір күні ол жұмыс бойынша 180 мың теңгені өзінің бастығына әкеліп беруі тиіс болған. Кешке таяу ол телефонға мүлде жауап бермейді. Оны соңғы рет “Даниель” сауда үйінің жанынан көріпті. Әйел туыстарының экстрасенстің көмегіне де жүгінгенін айтты.

“14 сәуір күні полицияға студенттің ата-анасы хабарласты. Бірден іздеу салу бойынша іс басталып кетті. Қазір бұл іспен полицейлер айналысып жатыр”, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сол күні Ақжол қара күртеше, көкшіл қоңыр джинсы, кроссовка және бас киім киген. Орта бойлы, орта денелі, қара шашты.

Егер, кім де кім студенттің орналасқан мекен-жайы туралы білетін болса 8-778-707-01-70, 8-777-980-82-82, 8-747-355-12-75 телефондарына хабарласа алады.

Талқылау