Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде көшеде қояншығы ұстаған азаматты мас деп қабылдаған

Өскеменде көше бойында қояншығы ұстаған азаматты тұрғындар оны мас не болмаса жаралы  деп қабылдап, полиция шақыртқан.

879czmx8jImqnc_0

Оқиға кеше облыс орталығындағы Қазақстан және Қайсенов көшелерінің қиылысының маңында болған. 

Көшеден өтіп бара жатқан адам аяқасты құлап қалған. Оқиғаны көзімен көрген 37 жастағы келіншек бірден полицияны шақырған.

Полиция мен Жедел жәрдем келгенде ғана 34 жастағы азаматтың қояншығы ұстап қалғаны белгілі болды.  Азаматтың айтуынша, ол  өзін-өзі бірден жаман сезінген . Қазір №1 қалалық ауруханада емделуде.

Өскемендіктердің кейбірі азаматты мас немесе таяқ жеп қалған  адам деп қабылдаған. Тіпті, кейбірі оның құлап жатқан кезін суретке де түсіріп алған.

Талқылау