Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде көршісінің итін сойып жеген азаматқа үкім шықты

Өскемен қаласының тұрғыны көршісінің неміс овчаркасын ұрлап, артынша сойып жеген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

№2 қалалық соты бұл іске қатысты үкім шығарды. Үйінен отын іздеп шыққан азамат жол бойынан иесіз жүрген итті көріп, үйіне алып кеткен. Ол жануарды сойып, етін жеген соң, терісін аулаға лақтырып жіберген.

Деректерге сүйенсек, иесі итті ауланы күзеті үшін базардан 30 мың теңгеге сатып алған екен. Ауладан жоғалған итінің терісін көрген жануар иесі көршісінен иті туралы сұрап білген. Айыпталушы жануарды сойып жегенін айтқан.

Сот барысында айыпталушы жасаған қылығына өкінетінін айтты. Оның өкінгенін ескере отырып, сот оған екі жыл сынақ мерзімін тағайындады. Сотталушы қоғамдық жұмыстарға жылына 240 сағат көлемінде қатысады.

Жіберіп алмаңыз:

Апатқа ұшыраған Мәскеу-Орск ұшағында тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмған

Елімізде әріптестер арасындағы махаббат хикаясының әрбір бесіншісі үйлену тойымен аяқталады

Алматылық ұсқынсыздар: Жасөспірімдер желіден топ ашып, бір-бірін қорлап келген

Жақында ұлы қайтыс болған тележүргізуші әкесі мен бауырынан да айырылды

Талқылау