Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде көп балалы ана пәтерін сатып, телеарна ашты

Бес баласы, екі немересі бар Алмагүл Сембинова қалалық “Атамекен” телеарнасын ашты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170708100501

“Өзімнің және күйеуімнің атындағы пәтерді де саттым. Мен телеарнаны сатып алмадым. Оны нөлден бастап өзім құрдым. Бұл қалалық телеарна “Атамекен” деп аталады”, – дейді ол.

Ол біраз уақыт жұмыссыз қалғаннан кейін ақыры тәуекелге бел буған.

“Мен телевидениеде 20 жылдан бері қызмет атқардым. Мамандығым бойынша журналист емес, музыкалық педогогпын. 20 жыл бойы телеарнаның отымен кіріп, күлімен шыққандықтан оның өн бойындағы бүкіл шаруаны беске білемін”, – дейді Алмагүл.

Қазір телеарна штатында 15 адам жұмыс істейді.

“Біздің арна әлі жас, біз қазір күн сайын 30 минуттық жаңалықтар блогын жүргізуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ, жеке авторлық бағдарламалар да бар. Тәулігіне үш мәрте эфирге шығамыз”, – деді Сембинова.

Талқылау