Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскемендік әйелдер көбінде көлікті мас күйде жүргізеді екен

Өскеменнің әкімшілік сотында көлікті мас күйде жүргізетіндердің басым бөлігі әйелдер екені анықталды. Жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізгендерге қатысты 455 іс қаралған.

alcohol-driving-car_2_0

Бұл туралы yk-news.kz хабарлайды.

Әкімшілік соттың мәліметінше, жыл басынан бері 6693 іс қаралған. Оның 1672-сі жол көлік оқиғасына қатысты болған.

Көлікті мас күйінде немесе есірткі шегіп жүргізгендерге қатысты 455 іс қаралып, 430 жүргізуші куәлігінен айырылған. Қалғандары көлікті құжатсыз жүргізгені үшін қамауға алынған. Көлікті мас күйінде жүргізгендердің көпшілігі әйелдер екені белгілі болды.

Сотта құжатсыз өзгенің көлігін жүргізіп, қақпаға соғылған 38 жастағы әйелдің ісі айтылды. Азаматшаны 20 тәулікке қамауға алған. Ал, көлігін берген танысын жүргізуші куәлігінен айырған.

Жіберіп алмаңыз:

Австралияда екі дүркін олимпиада чемпионы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды

ШҚО-да мас жүргізуші көлік дөңгелегін ауыстырып тұрған ер адамды қағып өлтірді

Талқылау