Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде көлігімен адам қағып өлтірген лауазымды полицейдің әйелі сотта жауап берді

Өскеменде тәртіп сақшысын көлігімен қағып өлтірген келіншек рөлге мас күйінде отырмағанын айтып азар да безер. Ботагөз Бақыжанованың Әкімшілік полиция басқармасы бастығының әйелі екенін айта кетейік. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

8944

Ал осы оқиғадан кейін күйеуі Жанболат Бақыжанов қызметінен босатылған болатын.

Жол апаты желтоқсан айының соңында болған. Ботагөз Бақыжанова «Ниссан Мураносын» тізгіндеп, құрбысы екеуі жаңажылдық кештен қайтып келе жатқан беттері еді. Мейрамханадан шыға бергенде қасында отырған әйелдің азаматтық некедегі күйеуі, 30 жастағы полицей Мерхат Отжағаровты қағып өткен.

Тіпті тоқтамай, оқиға орнынан із суытуға тырысыпты. Көп ұзамай ұсталған 25 жастағы келіншек аздап ұрттап алғанын және ауа райының қолайсыздығынан жолдағы адамды көрмегенін мойындады. Сараптама да оның бойында алкогольдің барын растаған. Бірақ сотта Ботагөз Бақыжанова өз сөзінен айнып отыр. Тіпті корпоративтік кештегі бейнетаспаны судьяға көрсетіп, онда арақты аузына да алмағананын дәлелдемек болды.

Талқылау