Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде көгал үстіне көлік қойып кеткен прокуратура қызметкері жазаланды

Шығыс Қазақстанда облыстық прокуратура қызметкері қызметтік көлікті көпқабатты үй алдындағы жасыл көгал үстіне қойып кеткен. Мекеме тұрақ ережесін бұзғаны үшін, көлік жүргізушісін жазалағандарын айтты.

лорпа

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, аз уақыт бұрын интернетте көпқабатты үй алдында орналасқан Chevrolet Captiva маркалы арнайы көліктің суреті жарияланған еді. Ол кезде ШҚО ІІД мемлекеттік нөмірі полицияға тиесілі емес және бұл туралы ешқандай шағым түскен жоқ деген еді. Осылайша көлік жүргізушінің жазасыз қалуы – әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған.

Бүгін облыстық прокуратура аталған көліктің өздеріне қарасты екенін, ал жүргізуші тиісті жазасын алғанын жеткізді.

“Аталған іс бойынша прокуратураның кінәлі қызметкері өз тәртібіне қатысты жауап берді”, – делінген ресми хабарламада.

Талқылау