Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде хоккей фанаты қарсылас командаға жанкүйер болған көрермен қызды ұрып тастады

19 ақпан күні “Торпедо” мен питерлік “СКА-Нева” хоккей матчы кезінде дәрігерлер көрермендерге үш рет медициналық жәрдем көрсеткен. Әуелі ойын алаңынан сыртқа ұшып кеткен шайба трибунада отырған мектеп оқушысының басына тиеді. Одан соң тағы бір көрермен ауырып қалып оған да көмек көрсетіледі. Ал матч аяқталуға таяғанда жергілікті командаға жанкүйер болмадың деп, фанат көрермен қызды ұрған.

hokkei20160222_0 (1)

Сурет Алексей Губанов

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Жұма күні Спорт сарайындағы матч кезінде үш оқыс оқиға қатарынан орын алды. Алдымен ойын шайбасы алаңнан тысқары ұшып көрермен баланың басына тиген. Оқыстан келген қатты соқыдан есеңгіреген оқушы жарақат алып, ми жүйесіне зақым келіп, ауруханаға жөнелтілген. Ал мұнан соң 17 жастағы жігіттің ұстама ауруы басталып, оған көрермендер алғашқы көмектері өздері жасаған. Сосын дәрігерлер шақыртылып, ол да жедел түрде ауруханаға түскен.

Ал ойын аяқталар мезетте 26 жастағы жігіт 19 жастағы қызға жұдырық жұмсаған. Ер адам қызды жергілікті командаға жанкүйерлік жасамады деп айыптапты.

“Спорт сарайы ғимаратында ер адам колледждің екінші курс студентіне жұдырық жұмсап, оған зақым келтірді. Полиция ер адамды ұстады. Қоғамдық орында ішімдік ішкен күйінде жүргені үшін, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал қызға қол жұмсау әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалады”, – деп хабарлады ШҚО ІІД.

Зардеп шеккен студент ауруханаға жатқызылған. Ол басынан және көзінен жарақат алған.

Талқылау