Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қатты ұрсысқан көрші әйелдер сот алдында жауап берді

Облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде екі көрші ұрсысып қалған.  Өзгелердің мазасын алып қатты шулаған көршілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды,-деп жазады  yk-news.kz сайты.

сотт

 

68 және 38 жастағы екі көрші әйелдер дәліздегі ескірген  телевизордың  сымына бола дауласқан. Олардың бір-біріне дауыс көтергені соншалық өзгелердің тынышын құртқан. Сот болған жайтқа олардың екеуін де кінәлі деп тауып, әр қайсысына 14847  теңгеден айыппұл салған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Талқылау