Өскеменде кәсіпкер иесіз иттерді емдеуге 700 мың теңге берді

Жұма, 1 Шілде , 2016 12:24

Өскеменде кәсіпкер жол апатынан зардап шеккен жануарларды қорғау үшін жасалынатын олардың операциясына ветеринарлық клиника қорына 700 мың теңге аударды.

ффф

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Дворянин” жануарлар құқығын қорғау қауымдастығының басшысы Лариса Прокопьева әлі күнге өзінің ветеринарлық клиникаға үлкен қарызы жоқ екеніне сенбейді.  Ол ветеринарларға жуық арада ақша беремін деп уәде еткен. Ал шын мәнінде ол ақшаны қайдан алатынын білмейді.

“Маусым айының басында маған біреу хабарласып, Абай даңғылында көліктің бір қаңғыбас итті қағып кеткенін айтты. Мен үнемі серіктес болып жүрген ветклиникаға әлгі итті апардық. Дәрігерлер тек операция жасау керектігін, онсыз құтқара алмайтындықтарын айтты. Бірақ менің бұл клиникаға 700 мың теңгеден астам қарызым болғандықтан олар жануарды емдеуден бас тартты. Дереу ақша іздей бастадым. Ветеринарларды да түсінуге болады, мен үнемі ақша беремін деймін, олар да қарсылық білдірмей келеді. Төлейін десем шынында да ақшам жоқ болды”, – дейді ол.

Келесі күні ол клиникаға хабарласып, тым құрыса осы итті емдеп беруін өтінген. Алайда дәрігерлер, “сіздің қарызыңыз өсіп кеткен” деп зәресін ұшырған. Осы сәтте қаладағы белді бизнесмендердің бірі оның жағдайынан хабардар болып, барлық қарызын өтеп беріпті. Айтуынша, үлкен қарыз өткен жылы қараша айында жабылған. Соның арқасында 10 жануарды қорғап қалуға болады екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар