Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қарызын қайтара алмаған полицей танысының үстінен жалған айыппұл толтырған

Өскеменде полиция қызметкері өзінің бір танысынан бір жылдан бері қарызын қайтара алмай жүріпті. Тәртіп сақшысы қарыз ақшасын өзіне қайтарып алу үшін, танысын әкімшілік құқық бұзушылық негізінде айыппұл төлеуге мәжбүрлеген.

1461832948_1461817952_1

Сурет oo-osa.org

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

26 жастағы полицей танысына 36 мың рубль көлемінде ақша берген. Алайда қарызды қайтару мерзімін тым кешіктірген соң, тәртіп сақшысы басқалай әрекетке көшіпті.

Бір жыл ішінде полиция қызметкері танысының үстінен жол ережесін бұзды деген айыптаумен төрт әкімшілік хаттама толтырған. Зерттеу барысында ер адамды әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартқаны мәлім болды. Дерек барысында шындық ашылған соң, полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Заңды сақтаушы қызметкер өзіне тағылған айыптарды мойындады. №2 Өскемен қалалық соты құқық қорғау органының бұрынғы қызметкеріне 850 АЕК көлемінде айыппұл салып, мемлекеттік қызметті атқарудан өмір бойына аластатты.

Талқылау