Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде күйеуін өлтіргенін мойындаған әйелді қаңғыбас ер адам пышақтап тастаған

Өскеменде қаңғбас ер адам көшеде әйелмен танысып оны өзінің құжырасына арақ ішуге шақырған. Қызып қалған әйел адам өз күйеуін өлтіргенін сол жерде айтып салады.

nozh_3

Фото: vd-tv.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Сол кезде ер адам оны пышақпен мойынына жарақат салады. Облыс орталығындағы №2 соттың мәліметі бойынша, шабуыл жасаған ер адам жазадан бәрібір құтылып кеткен.

Оқиға Жаңа жыл мерекесінің алдында болған. Алайда бұған қатысты үкім бірер күн бұрын ғана шықты. Көшеге серуендеуге шыққан әйел адам көшеде жас жігітпен танысады. Екеуара әңгімелесіп қалған соң, жігіт оны өз үйіне шақырады. Жолай олар аптекадан спирт сатып алған. Әйел жақындағанда барып үй деп айтқаны көпқабатты үйдің шатыры екенін біледі. Дегенмен, бұл ойынан қайтпай бірге барады. Олар ащы судан ішіп, бір-біріне жан сырларын бөліскен.

Жаңа танысының сырға беріктігіне шүбә келтірмеген әйел, оған бір кезде өз күйеуін өлтіргенін де айтып қояды. Ал ер адам болса тамақтану кезінде ондай әңгіме айтпауын талап етеді. Ақыры өзара ұрыс өрбиді. Нәтижесінде ер адам бөтелкелесінің мойынына пышақпен соққы жасаған. Ауыр жарақат алғанына қарамастан әйел адам тірі қалған.

Тергеу барысында 30 жастағы айыпталушының өз әрекетіне жауап бере алмайтыны белгілі болған. Жүйке жүйесіндегі ауруына байланысты, сот ер адамды емдеу мекемесіне жеткізеді.

Талқылау