Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде иесіне адал иттің иесі табылды 

Кеше кешкілік «Телестудия» аялдамасында қалған овчарка итінің иесі табылды. Кейіннен итті иесінен ұрлап әкеткені белгілі болды. Бірақ, ұрылар қандай да бір себеппен итті аязда далаға тастап, қашып кеткен.

IMG_7693_0

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Бұл оқиға 18 қаңтар күні болған еді. Екі жігіт овчарка итімен «ДКМ» аялдамасынан автобусқа мінген. Алайда, иттің тұмылдырығы болмағандықтан, кондуктор олардың шығуын өтінген. Жігіттер итпен бірге автобустан шығып, итке сол жерде күт деп бұйырып кетеді. Бұйрық берілген соң ит аязда жаурағанына қарамастан ешқайда кетпей сол жерде күткен. Бірақ екі жігіт сол күйі қайта оралмаған. Итті көрген еріктілер оның иесін іздей бастайды.

«Мен Арсты (иттің аты) қыдыртып жүргем. Оған кіре беріс жерде күт деп бұйрық бергем. Менің мұндай бұйрығымды ол үнемі орындайтын. Ал, бұл жолы 5 минуттан кейін шықсам, ол жоқ. Үйді айналып таппадым. Сөйтіп жүргенде танысым хабарласып, ғаламторда хабарлама жарияланғанын айтты. Мен бірден хабарлама жазғандармен байланысып, ақыры Арсты қайтардым. Оны тану қиын болған жоқ. Ол үлкен ит және құйрығының ұшы ақ», – дейді Андрей Чикунов.

Арсқа жақында 9 жасқа толады. Ол иесіне күшік кезінде сыйланған екен.

«Арс менің ең адал досым. Жігіттер оны ұрламақ болған шығар. Бін тауып, алдандырып әкеткен сияқты. Итімді тауып бергендерге алғысымды айтамын», – дейді ит иесі.

Талқылау