Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде еріктілер жоғалған студент Серік Ақжолды іздеуге кірісті

Еріктілер жоғалып кеткен Қазақстан-Американдық еркін университеттің студенті Серік Ақжолды іздеуге кірісті. Олар бүгін студенттің жоғалғаны жөніндегі парақшаны таратуды қолға алды.

Безымянный

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Айта кетейік, ҚАЕУ-ның студенті Серік Ақжол қомақты қаржысымен 13 сәуір күні жоғалып кеткен еді. Оны соңғы рет «Даниель» СҮ-нің маңынан көрген. Полицейлер жоғалған студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Студенттің туыстарының айтуынша, оны іздеуге экстрасенстер де атсалысып жатыр.

«Біз Ақжолдың жоғалғаны жайлы парақшаны таратып шықпақпыз. Сенбі күні оны соңғы рет көрген жерлерді анықтаймыз», – дейді белсенді Меруерт.

Еріктілермен 8-708-042-41-37 телефон нөмірі арқылы байланысуға болады. Серік Ақжол жайлы ақпаратты білген адамдардан 8-778-707-01-70, 8-777-980-82-82 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз.

Анна Сорокина

 

Талқылау