Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ер адам өзін кешірген зейнеткерді жарты сағаттан кейін қайта тонап кетті

Өскемен қаласының тұрғыны ұрлығы үшін өзін кешірген зейнеткерді жарты сағаттан кейін қайта тонап кетті.

Өскеменде ер адам өзін кешірген зейнеткерді жарты сағаттан кейін қайта тонап кетті

Бұл туралы Altaynews басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өскеменде ер адам мас күйінде 85 жастағы зейнеткерді жерге итеріп құлатып, сөмкесін жұлып алып қашқан. Осы кезде сол жерден өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі оны ұстап алып, сөмкені қайтаруын талап еткен. Өз кезегінде зейнеткер ұрыны кешіріп, полиция шақырудың қажеті жоқ екенін айтыпты.

Алайда артынша ұры кейуананың соңынан пәтеріне дейін еріп барған. Зейнеткер есік ашқаннан кейін ол үйге бірге кіріп, кейуананы итеріп құлатады. Мұнан кейін тағы да сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан із суытқан. Алайда кейуананың сөмкесінде 1 000 теңгеге жетпейтін ақша мен пірәндік қана болған екен.

Бұл жолы зейнеткер полицияға шағымданыпты. Артынша ұры анықталып, ұсталды. Анықталғандай, ол бұған дейін де істі болып, шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан екен.

№2 қалалық сот ер адамды кінәлі деп таныды. Ол 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау