Өскеменде ер адам 9 мамыр күні соғыс ардагерін есінен танғанша ұрған

Сәрсенбі, 11 Мамыр , 2016 8:04

Өскемен қаласында тура жеңіс күні мерекесінде соғыс ардагерінің үйіне баса көктеп кірген мас ер адам, оны ұрып, ауыр дене жарақаттарын салған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ымым

Сурет m.yk-news.kz

Қарияны ұрып құлатқан соң, оның ордендерін тартып алған. ІІД хабарлауынша оқиға 9 мамыр күні 16.00 шамасында болған. 92 жастағы ардагер дүкеннен үйге қайтып келе жатқан. Подъезде ол бөтен ер адамның еріп келе жатқанын байқаса да, оған онша мән бермеген. Зейнеткер пәтер есігін ашқан кезде, әлгі ер адам да шабуыл жасап, пәтерге кіріп келген. Бейтаныс адам жасаған қатты соққыдан, ардагер есінен танып қалған.

“Ер адам 5 мың теңге ақша мен ордендерін алып кеткен. Қария екінші дүниежүзілік шайқас кезіндегі алған марапаттарын бөлменің көрнекі жеріне іліп қойған екен. Қымбат заттарды алғаннан кейін ол үйден шығып кеткен. Бақытқа орай, қарт кісі есін жиып, оқиға туралы туыстарына хабарлап айта алған”, – дейді ШҚО ІІЖ Баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Дәрігерлер қарияның миы шайқалып, біраз жарақаттар алған деп хабарлады. Зейнеткер оқиғадан соң дереу ауруханаға жеткізілген. Суыт жүрісті қылмыскердің ізіне түскен тәртіп сақшылары оны таба алған. Ол ардагерді тонаған соң, сол подъезде қалған екен. Полицейлер оны үстіңгі қабаттардың бірінде ұстаған. Тәртіп сақшылары келе жатқанын сезген ер адам, ордендерді унитаз арқылы ағызып жіберген. Алайда полиция қызметкерлері ұсталған адамның айыбын дәлелдеу үшін қарияның марапаттарын кәріз құбыры арқылы алған.

“Барлық медаль, ордені құтқарылды. Біздің қызметкерлер күдікті алып кеткен 5 мың теңгені де қайтарып алды. Ардагер әсіресе өзінің ерлігі үшін берілген марапаттарына қатты алаңдапты”, – дейді Бақытжан Торғаев.

Соғыс ардагерінің денсаулығына қатты қауіп төніп тұрмағандықтан, жақын арада оны ауруханадан шығаруы мүмкін. Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Иттин гана баласы екен ондайларды атып тастау керек

  • Жұмбақ жан says:

    Неге ондайлар кобейп кетти? Маскара уятсыздар, колдары сынсын

  • Жұмбақ жан says:

    малма (

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар