Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде Елбасы ашқан саябақты вандалдар екі аптаға жеткізбей тас-талқан етті

Өскеменде жаңадан ашылған «Нұрлы жол» саябағын вандалдар бүлдіріп үлгерді. Олар баскетбол қалқанын майыстырып, жолға төселген плиталарды тесіп тастаған екен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

20170714181419

Бар болғаны жеті айдың ішінде салынған саябақты Шығыс Қазақстанға сапары барысында Елбасының өзі ашқан болатын. Алайда екі апта уақыт өтпестен, онда орнатылған құрылғылар бұзақылардың ермегіне айналып отыр.

Белгісіз біреулер 2 баскетбол щиті мен тратуардан өзге, тұрған темір қазықтарға да қол салған. Бүгінде оның түбіне құйылған цемент сынып, темірі босай бастапты.

af3065d0-0f21-4acd-b201-2db724aff60a

Енді жергілікті мамандар қадағалауды күшейту үшін бұл саябақтың төңірегіне қоршау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның құрылысы толық аяқталғаннан кейін жаңа саябақты жергілікті мәдинет бөлімінің балансына кіргізу көзделген.

Оқи отырыңыз:

Мысырда жоғалған қазақстандық студенттер табылды

Дәрігерлер Алматыда көлік қаққан 5 науқастың жағдайын айтып берді

Мемлекеттік білім грантына ие болғандардың тізімі жарияланды

Құлағы кіші жігіттер “жүргіш” келеді: Келіншек қыздарға күйеуді қалай таңдау керектігін айтты

Талқылау