Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде екі қыз өзіне қол жұмсамақ болған жігітті алаңсыз видеоға түсіріп тұрған (видео)

Желіде жас жігіттің көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған видеосы жарияланды. Бұл видеоны екі қыз түсірген. Видеоға түсіріп тұрған қыздар оны секіруге үгіттейді.

Безымянный

Видео 3 қыркүйекте түсірілген. Өскеменнің Спорт сарайы ауданындағы Үлбі өзенінің көпір жақтауына шығып алған жігіт өзенге секіруге оқталып тұр. Тұрғындар оған еш назар аудармастан өтіп кетіп жатты. Кадр сыртынан екі қыздың оны видеоға түсіруге әрекеттенгенін көруге болады. Олар жігітке секіруін айтып, өзіне қол жұмсауға үгіттеп жатыр.

Видео соңында тұрғындардың бірінің жігітті райынан қайтарып көпір жақтауынан шығарып алғанын көруге болады.

Бұл оқиға полицияға хабарланбаған.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде зейнеткер Ертіс өзеніне секіріп кетті

Атырауда ер адам көпірден секіріп мерт болды

Елордада 15-ші қабаттан секіріп кеткен жігіт қаза тапты

Талқылау