Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде дәрігерлер артық 5 бармақпен туылған балаға ота жасады

Шығыс Қазақстандағы Ана мен бала орталығының дәрігерлері 1 жарым жастағы баланың артық табанын алып тастау үшін ота жасады, деп хабарлайды YK-news.kz.

suhaya-kozha-nog-rebenka

Сурет ladyplace.ru сайтынан алынды

2014 жылдың ортасында орталыққа 2 айлық баланың анасы қаралған болатын. Ол сәбиінің сол жақ аяғында табаны екі қабатты болып туылғанын айтқан.

“Сәби әлі кішкентай болғандықтан, біз оны 7 ай күте тұру керектігін айттық”, – дейді Орталықтың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ержан Солтанбеков. 5 ай өткен соң біз балаға алғашқы ота жасап, артық бармақтары мен өзге де ақауларын алып тастадық.

Дәрігерлер баланың тумысынан аномалия дертіне шалдыққан баланың ақауларын қалпына келтіріп, артық бармақтары мен табанын алып тастады. Бала қазір өз бетінше қозғалып, жүгіре алады.

Иван Сухоруков

Талқылау