Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде бойжеткен полиция қызметкерін көлігімен басып кетті

Өскеменде «Ниссан Мурано» көлігін басқарып келе жатқан 25 жастағы бойжеткен ШҚО ІІД криминалдық полиция бөлімшесінің 30 жастағы қызметкерін көлігімен қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше ер адам қайтыс болған.

ÄÒÏ íà Ëþñòäîðôñêîé äîðîãå â Îäåññå 26 ñåíòÿáðÿ 2008 ã.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға 26 желтоқсан күні Күленов атындағы елді мекенде орын алған. Оқиғаның мән-жайы туралы нақты мәлімет таратылмады.
«Жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бойжеткен 5 жылға дейін бас бостанығынан айырылуы мүмкін», – деді полициядағылар.

Талқылау