Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде блогерге өкпелеген полицейлер оны сотқа беріп, 5 миллион талап етті

Өскемен қалалық соты блогерге ренжіген тәртіп сақшыларының одан бес миллион теңге төлеуді талап етуіне қатысты қызықты сот процесінін қарастырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Өскеменде блогерге өкпелеген полицейлер оны сотқа беріп, 5 миллион талап етті

Хабарламаға сүйенсек, құқық қорғау органдарының қызметкерлері блогермен жақсы таныс және оның камерасына бірнеше рет ілініп, YouTube-тың жұлдызы болған. Жергілікті блогер оларды видеоға түсіріп ғаламтор желісіне жарияған екен. Зардап шеккен полиция қызметкерлері бұл видеолар олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтынын айтып, блогерге моральдық зиян келтіргені үшін ақшалай өтемақы төлесін деген талап қойды. Яғни, бес полицейдің әрқайсысы миллион теңгеден төлеуін талап етті.

Барлығы осы жылдың мамыр айында кездейсоқ жолаушының қызметтік орнында бас киімсіз тұрған полиция офицерін көріп қалуынан басталды. Сонда ол полицейден не себептен бас киімін кимегенін сұрап, оны видеоға түсірген.

Бір аптадан соң, видеоблоггер екі полиция қызметкерінің қауіпсіздік белдікті тақпай, қызметтік көлігінің шамдарын қоспай келе жатқанының куәсі болды. Ал үш күннен кейін, блоггердің қырағы камерасы екі күзетшінің қызметтік көлігінде ұйықтап жатқан сәтін түсіріп алды.

«Ұйқыбастар кетіп барады. Ұйықыларын қандырып, енді жұмыстарына бара жатыр», – деп түсініктеме берді блогер видеодағы материалға қатысты.

Алайда, блогердің дау тудырған желідегі видеолары қазір өшірілген. Барлық өшірілген үш видео да YouTube арнасында жарияланып, көптеген теріс пікірлер жинаған болатын. Енді блогердің камерасына ілініп, ғаламторға танымал болған полийейлер сот төрелігі арқылы әділдік орнатпақшы. Талапкерлердің пікірінше, ғаламторда жарияланған видеолар полиция қызметкерін жеке тұлға ретінде ғана емес, жалпы алғанда Шығыс Қазақстан облысының ІІД жүйесінің де беделіне нұқсан келтіреді.

Сонымен қатар, бейнематериалдардағы айыпталушының негізсіз және дәлелсіз пікірі олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін төмендеріп, одан әрі қызмет етуіне, сондай-ақ әріптестерімен, басшылықпен, туыстарымен және достарымен арадағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді.

Осылайша, сот арқылы әділдік орнатпақшы болған тәртіп сақшыларының әрқайсысы блогерден моральдық зиян келтіргені үшін бір миллион теңге және қорғаушыға кеткен 40 мың теңге шығынды өтеуді талап етті.

Алайда, айыпталушы бағынышты қызметкерлерді бақылауға алмаған Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің басшылығын және қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерін айыптады. Және ол видеода оларға жеке тұрға ретінде ешқандай айыптаулар болмағанын және барлық мәлімдемелер өтініш емес, сұрақ түрінде болғанын ескертті. Сондай-ақ, ол видеолар желіден алынып тасталған екен.

Нәтижесінде, сот сотталушының дәлелдерімен келісіп, айыпталушының шынымен де шағымданушылармен әңгімелесіп, оларды видеоға түсіргенін растады. Алайда, бейнематериалдардың мазмұны бойынша, онда ар-намыс мен қадір-қасиетті қорлау туралы ешқандай сөз жоқ. Өйткені әңгіме «сұрақ-жауап» түрінде өткен.

Бейне жазбалардағы сөздерді және сөз тіркестерін бағалай отырып, сот айыпталушыны талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ешқандай әрекет жасамаған деген қорытындыға келді. Ал видеодағы теріс пікірлерді үшінші тұлғалар білдірген және қорғаушылар блогерге емес, оларға шағымдануға тиіс. Сондықтан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне моральдық зиян өтеуден бас тартылды. Алайда, блогерге шағым түсірген полицейлер шығарылған үкімге шағымдануға құқылы, бұған қарасақ бұл оқиған әлі де жалғасын табады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау