Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде туылғанына бір ай толмаған сәби асфальтқа құлап кетті

Кеше Өскеменде туғанына бір ай толмаған сәби бір метр биіктіктен асфальтқа құлап кетті. Анасының айтуынша, сәби бірнеше рет құлаған.

lori-0002655988-bigwww

Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Руслан анасымен бірге ана және сәби орталығына жедел түрде жеткізілді. Оқыс оқиға 22 маусымда түнгі 12-лер шамасында болған.

«Дәрігерлер сәбиді тексеріп, қатты жарақаттанғанын айтты, медбикелер полиция қызметкерлерін шақырған. Сәбидің анасы мас күйде болған», –  деді ана мен бала орталығының ауруларды қабылдау бөлмесіндегілер.

Кейінірек әйел бейтаныс адамдардың сәбиді өзінен тартып алғысы келгенін айтты. Алайда бөгде кісілерге нәрестенің не үшін керек болғаны белгісіз. Мұны ананың өзі де түсіндіре алмады.

«Сәби 70-100 сантиметр биіктіктен асфальтқа құлаған. Ауруларды қабылдау бөлмесінен өзім қабылдадым, қазір сәби жан сақтау бөлімінде. Құлау салдарынан басында теріасты гематомасы пайда болған. Сонымен қатар баланың бас сүйек миы зақымданып, миы соғылған. Ішкі гематоманың пайда болу қаупі де бар. Зақымның салдары қандай? Өте ауыр болуы мүмкін», – дейді ана және бала орталығы, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Кизатуллин.

Ана мен бала орталығында полицейлердің ана мен сәбиді танитыны анықталды. Құқыққорғау органдарының өкілдері күні бұрын оларды 2 рет кездестірген. Алғашқысында, Өскемендегі көпқабатты үйдің тұрғындары полицейлерді шақыртқан. Олар қоқыс жәшігінің жанында жылап жатқан сәбиге немқұрайлы қарай алмағандарын айтқан. Олар сәбиді тастанды деп ойлаған. Оқиға орнына келген полицейлерді жақын маңды кезіп жүрген анасы күтіп алған-ды.

Полиция қызметкерлері анасы мен баласын алып тегін баспана тауып берген. Бірақ кешкісін әйел сәбимен бірге кетіп қалыпты. Ал түнде ана мен бала орталығына түсті.

«Біз Құршым ауданындағы Қалжыр мекенінен келдік. Мен сәби құжатын рәсімдеп, күйеуімнің жеке куәлігін алып кету керек болытынмын. Құжат оған жұмысқа тұру үшін қажет болған. Бірақ ақшамыз таусылды. Біз бүгін кетуіміз керек едік, бірақ кеше қыз бен жігіт келіп мені итерді, мен құлап қалдым, ал сәбиім ұшып түсті», – деп еске алды 36 жастағы ана.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көршісінен таяқ жеген баланың ата-анасы әйелді кешірді (видео)

Алматыда еңіреген бала мен зар жылаған анаға қарамастан, сот орындаушылар үйлерінің күл-талқанын шығарды (фото)

Алматыда тауар тиеген жүк көлігі өртеніп кетті (видео)

Үш баласы мен күйеуінен айырылып қалған әйел мүгедек қызымен жоқшылықта өмір сүріп жатыр

Талқылау