Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде белгісіз біреулер аулада тұрған көлікке бояумен сурет салып тастаған

Кеше Өскемен тұрғындары сурет салынған Nissan X-Trail көлігін суретке түсірісіп жатты. Өйткені аулада тұрған көлікке әлдекімдер бояумен сурет салып, жазу жазып кеткен. Ал, бояу оңайлықпен кететін көрінеді.

Безымянный

Бұл туралы YK-News.kz хабарлайды.

Жүргізушілердің айтуынша, бұл әдейі ұйымдастырылған қалжың ойын болуы мүмкін. Олар көлікке салынған жүректің суреті мен, адамның мүсіндерін, «Love» жазуын ғана оқи алды.

Желі қолданушылары белгісіз суретшілердің аулаға көлігін дұрыс қоймаған жүргізушіні осылай жазалағандарын айтады. Кейбіреулер, оны жүргізушінің өз жақындары жасағанын, өйткені бояудың оңай кететінін айтып жатыр.

Ал, көлік жүргізушінің өзімен сөйлесу мүмкін болмады. Ол түс мезгіліне қарай көлігін айдап кеткен. Бұл жайттың қалжың ойын болғаны, әлде біреулердің кектеніп жасағаны белгісіз.

Алексей Веселов

Талқылау