Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде балкон шатырына шығып алған 9 жасар бала құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызды

Өскеменде құтқарушылар тоғыз жасар баланы балкон шатырынан түсіріп алды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

photo_205589

Қоңырау көмек сұрап хабарласқан куәгерден келіп түскен. Ол Бажов көшесіндегі үйдің екінші қабатының балкон шатырында отырған баланы кездейсоқ көріп қалған. Бала әуелі үйдің шатырдың астына кіріп, сосын төбеге өрмелейді. Ол жақтан балкон шатырына келіп түскен.

Оқиға 19 қаңтар күні болған. Сол күні аязға байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылған екен.

Оқиға орынына ШҚО ТЖД “өрт сөндіру және төтенше-құтқару қызметінің” арнайы құтқару бөлімі келіп жеткен. Баланы жерге аман-есен түсіріп алғаннан кейін, оны жедел жәрдем қызметкерлері тексерген.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау